Ішкі аудит қызметі туралы ақпарат

Клиникалық аудитор

Акчалова А

Құралай Жақсығалиқызы Сарина, 1958 жылы 30 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген.

1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылдың тамыз айынан Жамбыл қалалық №1 балалар ауруханасының педиатр дәрігері қызметінен бастады.

1999 жылдың сәуір айынан бастап Тараз қаласының № 3 қалалық емханасының дәрігері болып жұмыс істей бастады, одан әрі осы емханада бөлімше меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2015 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің бас маманы, бұдан әрі – медициналық бақылау бөлімінің басшысы.

2015-2017 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы.

2017-2023жылдар аралығында Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері, Жамбыл облысы бойынша бас штаттан тыс педиатр. 2024 жылғы қаңтардан бастап «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің клиникалық аудиторы және «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Аяла» облыстық балалар оңалту орталығы» КМҚК сарапшы дәрігері.

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Аccreditation Center for Quality in Healthcare» ҚБ сыртқы кешенді бағалау сарапшысы.

Қаржылық аудитор

Усенов Серикбай

Серикбай Рахимович Усенов, 1954 жылы 6 қаңтарда Қостанай облысы, Тахтай ауылында дүниеге келген. 1959 жылы ата-анасымен бірге Шымкент облысы, Сарыағаш ауданына қоныс аударды.

1961 жылдан 1971 жылға дейін Сарыағаш ауданындағы әртүрлі мектептерде білім алды. 1972 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының есеп факультетіне түсіп, 1976 жылы экономист мамандығын алды.

Еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Жеңіл өнеркәсіп министрлігіне қарасты тері зауытында бас бухгалтер болып бастады.

1982 жылдың желтоқсанында Алматы қаласына көшіп, Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің «Қазкожобувьпром» бас басқармасының бас бухгалтері қызметіне тағайындалды.

1985 жылдан 1987 жылға дейін Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің ревизиялық басқарма бастығы қызметін атқарды.

1987 жылдан 1991 жылдың наурызына дейін Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің бас бухгалтері болып жұмыс істеді.

1991 жылдың сәуір айынан 2001 жылға дейін «Жамбылкожобувь» акционерлік қоғамында бас бухгалтер қызметін атқарды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіз аудитор сертификатын алды.

2001 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Арна-Аудит» ЖШС-нің директоры және аудитор болып қызмет атқарып келеді.

Құқықтану мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар.