Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы "№5 қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде келесі медициналық көмек түрлерін көрсетеді:
1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті.
2. Зертханалық диагностика: жалпыклиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер.
3. Мамандықтар бойынша ересек адамдарға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек: акушерия және гинекология, иммунология, жұқпалы аурулар, травматология және ортопедия, жалпы хирургия, дерматовенерология, невропатология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, жалпы терапия, кардиология, кәсіптік патология, эндокринология, урология, онкология, маммология, аллергология, ангиохирургия.
4. Мамандықтар бойынша балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек: педиатрия, иммунология, жұқпалы аурулар, травматология және ортопедия, жалпы хирургия, невропатология, оториноларингология, офтальмология, нефрология, аллергология, ангиохирургия.
5. Медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік физкультура.
6. Диагностика: функционалды, эндоскопиялық, УДЗ-диагностика.
7. Сараптамалық медициналық көмек: уақытша еңбеккке жарамсыздық және кәсіби жарамдылық сараптамасы (профилактикалық және мерзімдік медициналық қарау).
8. Емханада 29 мамандық бойынша медициналық көмек көрсетіледі: ЖТД, терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, хирург (ересектер, балалар), травматолог (ересектер, балалар), ортопед (балалар), лор (ересектер, балалар), окулист (ересектер, балалар), невропатолог (ересектер, балалар), эндокринолог (ересектер), кардиолог (ересектер), нефролог (балалар), дерматолог, инфекционист, иммунолог, физиотерапевт, стоматолог, уролог, онколог, маммолог, ангиохирург, аллерголог.
9. Медициналық ұйымда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау қызметі құрылған. Медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау пациенттерді қолдау қызметінің функциясына жатады.