2023 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін бүкіл Қазақстан бойынша азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту науқаны басталады. Тіркеу науқаны, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде және (ТМККК) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген Денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізіледі. Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық акционерлік қоғамының интернет-ресурсында орналастырылған. Азаматтарды тіркеу, медициналық санитарлық амбулаториялық көмек көрсету (МСАК) ұйымдарында, олардың тікелей немесе жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаты бойынша электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүргізіледі. 18 жасқа толмаған азаматтарды тіркеу, тіркелетін адамның немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты бо йынша жүзеге асырылады. Үйден немесе жұмыстан жаяу жететін қашықтықтағы емхананы таңдаңыз. Мемлекет беретін құқықты пайдаланыңыз, емхананы саналы түрде таңдаңыз. Тіркелетін емдеу мекемесінің медицина қызметкерлеріне сеніммен қарауыңызды сұранамыз.