View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Құрметті Қазақстан Республикасының тұрғындары!
Енді Сіздер, электронды үкімет сайтында электрондық форматта «Дәрігерді үйге шақырту», «Дәрігер қабылдауына жазылу» және «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» сияқты мемлекеттік қызметтер түрлерін пайдалана аласыз.
Ол үшін, Сіз, электрондық-сандық қолтаңбаны алуыңыз және  www.egov.kz  электронды үкімет сайтына кіруіңіз қажет.
«Дәрігер қабылдауына жазылу»
«Дәрігер қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметі (әрі қарай — мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде www.egov.kz  «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық форматта алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар көрсетеді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет, жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей келген жағдайда немесе телефон байланысы арқылы хабарласқанда да көрсетіледі. Телефон байланысы туралы мәлімет уәкілетті ұйымның тіркеу журналына тіркеледі.
Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі – жұмыс күндері сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні  сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін (жексенбі – демалыс);
Портал – тәулік бойы Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті участкелік терапевттер/участкелік педиатрлар/ медициналық ұйымның, уәкілетті ұйымның жалпы тәжірибе дәрігерлері көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алатындар жеке тұлғалар (бұдан әрі – Тұтынушы) болып табылады.
Тұтынушыға мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйым ғимаратында көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі дәрігер қабылдауына жазылу, немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту жөнінде дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес көрсетіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті таңдау кезінде Тұтынушыға Кестеге сәйкес дәрігердің бос уақытын таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тұтынушыға электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтері алу үшін қолда болуы тиіс:
жеке басын куәландыратын құжат; электрондық-сандық қолтаңба.
Тұтынушы, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда электрондық құжат нысанындағы сұранысты толтырады.
Тұтынушының сұранысы бойынша порталдан жауап беру (растау немесе болдырмау) уақыты 20 минуттан артық болмайды, бұл арада Тұтынушыға нысан бойынша электрондық форматтағы жауап ұсынылады.
Тұтынушының мемлекеттік қызмет алуға берілген сұранысы төмендегі жағдайларда қабылданбайды:
1) «Дәрігер қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметінің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген талаптар орындалмаса;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында қарастырылған нормаларға сәйкес келмесе;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1263 қаулысымен бекітілген алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына азаматтарды бекіту ережесіне сәйкес уәкілетті ұйымның бекітуінде жоқ болса.