Безгек – бұл қызбамен, қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілмеуімен және көкбауырдың ұлғаюымен сипатталатын паразиттік тропикалық ауру. Аурудың инкубациялық кезеңі 7 күннен 1 айға дейінгі, тропикалық безгекпен – 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды. Безгектің 4 түрі бар: тропикалық, үш күндік, төрт күндік және сопақша безгек. Ең ауыры – тропикалық. Безгек ауру адамнан сау адамға маса шаққанда беріледі. Бұл ретте тағы 2 берілу жолы бар – қан құю кезінде және құрсақішілік, яғни науқас ана болашақ сәбиіне жұқтырған кезде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын әлемде безгекпен ауыратындың саны 300-ден 500 миллионға дейін жетеді, оның 2 миллионы қайтыс болады. Безгектен 5 жасқа дейінгі балалар жиі зардап шегеді. Ауру мен өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Сахараның оң жағалауында орналасқан Африка континентінің өңірлерінде кездеседі. Оңтүстік Шығыс Азияда, Үндістанда және Ауғанстанда ауруды жұқтыру қаупі бар. Сонымен қатар, безгек туристердің сүйікті жері – Тайландта тіркеледі. Туристерді табиғи байлығымен қызықтыратын әйгілі Чантабури, Канчанабуридің шеткі аудандары безгек бойынша қолайсыз елді мекендер болып саналады. Алдын алу шаралары: - басқа елге барар алдында дәрігерден кеңес алу; - масалардың шағуына қарсы құралдарды қолдану; - терезелер мен есіктерді бүркемелеу; - аэрозольді инсектицидтерді қолдану