2023 жылдың 11 тамыз күні Тараз қаласы, «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК базасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрімен Дудник В.Ю., Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Оспанова Ж. М., «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Абзалова Р.А. кездесу өтті.
Емхананың бас дәрігері Динара Амангельдиевна Сарсенова үздік тәжірибелер орталығының жұмысы, жобалардың тұсаукесері, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және кері байланыс (МИОМОС) тетігінің пилоттық жобасын іске асыру туралы, ондай-ақ отбасылық мейіргерлердің жеке қабылдау жүргізу негіздерін айтып берді.