Хабарландыру! Құрметті Тараз қаласының тұрғындары Сіздерді біздің іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Тараз қаласындағы №5 қалалық емханада «Дүниежүзілік жүрек күніне» арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіздер: • терапевт дәрігерінен кеңес ала аласыз - Шолпанкулова Жамал Калжановна • ЭКГ тексеруден өте аласыз (электрокардиограмма) • СӨС (салауатты өмір салты) және денсаулық мектептерінің мейіргерілерінен кеңес алып, қан қысымын, қандағы қант мөлшерің өлшей аласыз: 1) «Мінез-құлық қауіп факторлары» денсаулық мектебі 2) «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы» денсаулық мектебі 3) «Қант диабеті» денсаулық мектебі 4) «Инсульттің алдын алу» денсаулық мектебі 5) «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» денсаулық мектебі 6) «Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебі Барлық осы іс-шаралар бірінші қабаттағы 125 бөлмеде сағат 09.00-12.00 аралығында өтеді.