View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

 

Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ, Есте сақтаңыздар!


Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.


Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:

* тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
* жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
* шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
* жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
* жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
* жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
* қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
* суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
* түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;


Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс зоналарының басшылары!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

WhatsApp Image 2024-06-13 at 17.15.20.jpeg