Физикалық даму — бала денесінің физикалық параметрлерінің өсуі, ол дене салмағынан (салмақты құраушы), денесінің немесе бойының ұзындығынан және бас шеңберінен (сызықты құраушы) тұрады. Физикалық дамуды бағалауда осы құрамдас бөліктерді дәл өлшеудің маңызы зор. Дәл және дұрыс өлшеу үшін әдістемені біріздендіру, оны өлшейтін құралдың (таразының) болуы және оны калибрлеу өте-мөте маңызды.
Амбулаториялық-емхана жағдайларында және стационарларда антропометриялық көрсеткіштерді өлшеуге арналған жиынтық бой өлшеуіштен, өлшеуіш таспадан және балаларға арналған таразыдан тұрады.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың дене салмағын өлшеу
Нәрестелерді сандық (электронды) таразыларда өлшейді. Нәрестелерді өлшеу үшін қолданылатын таразылар ең аз дегенде 20 г. айырмашылықпен салмақты дәл көрсетуге тиіс.
0-ден 2 жасқа дейінгі балаларды өлшеу алгоритмі мен техникасы
- 1.Әрбір өлшер алдында таразы ретке келтіріліп, балаға бейімделуі керек.
- 2.Алдымен баланың астына төсейтін жаялықты өлшеу керек.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!!
БАЛАЛАРДЫ КИІММЕН ӨЛШЕУГЕ БОЛМАЙДЫ – БҰЛ БАЛАНЫҢ САЛМАҒЫН ДҰРЫС КӨРСЕТПЕЙДІ. ТАМАҚ ІШКЕННЕН КЕЙІН ӨЛШЕМЕГЕН ЖӨН. НӘТИЖЕЛЕРІН МҰҚИЯТ САНАУ КЕРЕК. ДӘЛ ӨЛШЕНГЕНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ҚАЙТАДАН ӨЛШЕУ ҚАЖЕТ.
- 3.Баланы жалаңаштап шешіндіріп өлшеу қажет.
- 4.7–8 айдан асқан балаларды отырғызып өлшеуге болады. есте сақтаңыз! Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың салмағын дұрыс көрсетпейді. Тамақ ішкеннен кейін өлшемеген жөн. Нәтижелерін мұқият санау керек. Дәл өлшенгеніне көз жеткізу үшін қайтадан өлшеу қажет.
- 5.Баланың таза салмағын өлшеу үшін баланың салмағынан жаялықтың салмағын алып тастау керек.
- 6.Дәл өлшеу үшін бала қозғалмай, тыныш қалыпта болуы керек. Бұл үшін баланың назарын әлдебір затқа аудару немесе онымен ойнау қажет.
- 7.Өлшеген кезде бала таразы алаңының ортасында отыруға тиіс.
2 жастан асқан балалардың дене салмағын өлшеу
Ересектерге арналған таразы пайдаланылуы мүмкін.
2 жастан асқан балаларды өлшеу алгоритмі мен техникасы
- 1.Бала шешінуге тиіс. Неғұрлым үлкендерінің ішкі киіммен тұруына болады.
- 2.Балалар өлшеп жатқан кезде қозғалмауға тиіс.
- 3.Өлшеп жатқан кезде бала таразы алаңының ортасында тұруға тиіс. есте сақтаңыз! Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың салмағын дұрыс көрсетпейді.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!! БАЛАЛАРДЫ КИІММЕН ӨЛШЕУГЕ БОЛМАЙДЫ — БҰЛ БАЛАНЫҢ САЛМАҒЫН ДҰРЫС КӨРСЕТПЕЙДІ.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу
Нәрестелердің және 2 жасқа толмаған балалардың ұзындығы (бойы емес) жатқан қалпында өлшенеді. Бойдың ұзындығы жылжымалы аяғы бар бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу алгоритмі мен техникасы
- 1.Аяқ киімді, ұйықты, бас киімді шешу қажет.
- 2.Нәресте немесе сәби қатты, тегіс жерге арқасымен жатқызылады (жұмсақ жерге жатқызу нақты нәтиже бермейді).
- 3.Басын қатты, белгіленген, тік жерге тірейді.
- 4.Басы, арқасы, жамбасы, аяқтары мен өкшелері өлшеу үстелінің бетіне тиіп жатуы тиіс. Баланың табанын жеңіл ғана тітіркендіру арқылы аяғын тіктейді.
- 5.Табандарын тік қалыпқа келтіреді және шәкілдің аяқ бөлігіне тірейді (қатты, тік, жылжытуға болатын жұқа тақтайша). Бұдан кейін баланың басы мен өкшесінің арасы өлшенеді.
2 жастан асқан балалардың бойын өлшеу
2 жастан асқан балалардың бойы (ұзындығы емес) қайырмалы отырғышы немесе жылжымалы антропометрі бар тік бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді. Бой өлшеуіштің тік тақтасына 2 шәкіл салынған, біреуі – тұрған қалпындағы бойын өлшеуге, екіншісі – тұрқының ұзындығын (отырғандағы бойын) өлшеуге арналған.
2 жастан асқан балалардың бойын өлшеу алгоритмі мен техникасы
- 1.Баланы бой өлшеуіш алаңына арқасын шәкілге қаратып жалаң аяқ тұрғызады.
- 2.Дене тіктеліп, қолы денесін бойлай еркін түсіріліп, тізесі жазылып, табаны нық қосылып тұруға тиіс.
- 3.Басы көзінің төменгі қиығы мен сыртқы есту тесігі (құлағы) бір көлденең жазықтықта болатындай қалыпта тұрады. Бұғағын көтеріп тұрған осындай қалыпта өлшенеді.
- 4.Өлшенетін баланың шәкілге денесінің үш жері – арқасының жауырын аралығы, құйымшақ тұсы және өкшелері тиіп тұруға тиіс.
- 5.Бой өлшеуіштің жылжымалы жұқа тақтайшасы баланың төбесіне тигенше тығыз, бірақ қатты баспай, түсіріледі, бұдан соң баланы бой өлшеуіштен шығарып, нәтижесін жазып алады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!!
БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫН АЯҚ КИІММЕН ӨЛШЕУГЕ БОЛМАЙДЫ
Баланың бас шеңберін өлшеу
Созылатын сантиметрлік лента пайдаланылуға тиіс.
Үлкен желке-маңдай шеңбері өлшенеді. Лентаны бастың желке тұсындағы шығыңқы бөлігінен бастап қабақтарының арасындағы доғаға дейін орайды. Қайталап өлшеу оның дәлдігін нақтылайды. Өлшеу дәлдігі 5 миллиметрге дейін.
Барлық кезеңдерде жүргізілген баланың өлшемдері бой, дене салмағы және бас шеңберінің стандартты диаграммасында нүкте түрінде белгіленеді және физикалық даму графиктері (қисықтары) жасалады, ал диаграмманың өзі баланың даму картасының ішіне салынуы тиіс
Өлшеу нәтижелерін диаграммаға енгізген кезде неғұрлым жиі жіберілетін қателер баланың жасына қатысты. Баланың туған күнінен бастап дәл хронологиялық жасы әрбір тексеру кезінде есептелуге тиіс.
Хронологиялық жас жылдар мен айлардан көрінеді.