View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Елімізде, оның ішінде Жамбыл облысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «STEPS» әдістемесі бойынша инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларының таралуын анықтау бойынша зерттеу жүргізу үшін өңірлік (далалық) интервьюерлер мен медбикелері оқытылып,      2024 жылғы 24 маусымнан бастап Республикамыздағы барлық өңірлерде эпидемиологиялық зерттеуді бастау жоспарланып отырғанын хабарланады.

Зерттеу жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын зерттеуге бағытталған.

Ол үш кезеңнен тұрады:

-      мінез-құлық қауіп факторларын бағалау үшін қатысушылардың үйде сауалнамасы;

-      антропометриялық өлшеулер, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмыс көрсеткіштерін жүргізу;

-      қанның биохимиялық параметрлерін өлшеу (сынақ жолақтары арқылы глюкоза мен холестеринді анықтау)

Тегін түрде өтетін бұл зерттеуге Жамбыл облысының 170 үй шаруашылықтарының мекен-жайлары іріктелініп алынды.

«STEPS» зерттеуін жүргізу біздің еліміз үшін үлкен маңызға ие. Бұл бізге Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін және денсаулық сақтау шығындарын төмендететін созылмалы инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығын төмендету жөніндегі шарларды әзірлеуге және мемлекеттік деңгейде енгізуге көмектеседі.

 

WhatsApp Image 2024-06-29 at 00.38.46.jpegWhatsApp Image 2024-06-29 at 00.39.17.jpeg