View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

WhatsApp Image 2024-07-25 at 18.00.43.jpegWhatsApp Image 2024-07-25 at 18.02.24.jpeg

 

Егер Сіз ауырған себепті жұмыс орнында болмаған немесе оқудан қалған жағдайда жұмыс/оқу орны бойынша анықтама не еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (бұдан әрі – Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары) алуыңыз қажет.



Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – бұл жәрдемақы алмай жұмыстан не оқудан босату үшін негіз болатын еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат.

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ –бұл еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жұмыстан босату және әлеуметтік жәрдемақы алу үшін негіз болатын еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат.

Кім береді және оны қалай алу керек?

Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын мемлекеттік не жеке меншік емханалардың дәрігерлері, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді қамтитын медициналық қызметті жүзеге асыруға олардың лицензиялары болған кезде жеке практикамен айналысатын дәрігерлер береді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын Сіз жүгінген емхананың не үйге шақырған бейінді дәрігер ашады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу қажет. Дәрігер науқасты тексеріп, ем тағайындайды және бақылап тексеру үшін келесі келу уақытын белгілейді.

Емделушінің жай-күйіне байланысты жедел жәрдем қызметіне шұғыл жүгінген жағдайда оны ауруханаға жатқызады немесе қолына «сигнал парағы» беріліп, ол онымен учаскелік дәрігерге баруы қажет болады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша берілетін мерзім
Сырқаттар мен жарақаттар болғанда дәрігер еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын жеке дара және бір жолғы түрінде 3 күнтізбелік күнге береді, кей жағдайда (мысалы, ЖРВИ тарау кезінде) 6 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнтізбелік күннен артық ұзарту медицина ұйымының бөлім меңгерушісімен бірге жалпы ұзақтығы 20 күнтізбелік күннен аса емес күнге жүргізіледі. 20 күнтізбелік күннен артық мерзімге ұзарту үшін Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы қажет болады.

Ауруханаға стационарға жатқызған жағдайда немесе амбулаториялық жағдайда емдеген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары жүгінген күннен бастап 60 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге беріледі. Бұл мерзім аурудың ауыр түрлері кезінде ұзартылуы мүмкін.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары қалай төленеді?

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
Есеп айырысу еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төлеуге жататын жұмыс күндері санына күн сайынғы орташа табысты көбейту арқылы жүргізіледі.

23 жылғы 1 шілдеден бастап бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін АЕК-тің 25 еселенген мөлшерінен аса алмайды. 1 шілдеге дейін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері АЕК - тің 15 еселенген мөлшерінен аспады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша белгілі бір санаттарға жәрдемақы төлеу

Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға жәрдемақы еңбекке жарамдылықтан айырылған күннен бастап орташа жалақының 100% мөлшерінде төленеді.

Жұмыскердің еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауруына байланысты жәрдемақыны Жұмыс беруші еңбекке қабілетсіздік басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының 100% мөлшерінде төлейді.

Балаларды стационарлық емдеу кезінде дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтім жасауды қажет ететін үш жасқа толмаған балаға тікелей күтім жасайтын анасына (әкесіне) немесе өзге тұлғаға жәрдемақы жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған кездегі тәртіптегідей беріледі.