11 қарашада Жамбыл облысы санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Н.Тасжурекова және Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар гинеколог дәрігері А.Елубаева Jambyl телеарнасының, «Түйін сөз» бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысына сәйкес елімізде, оның ішінде Жамбыл облысында 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жұмысы туралы сұхбат берілді.
Адам папилломасы вирусына сипаттама беріп, оның берілу жолдары, вируспен шақырылатын аурулар туралы, оныің алдын алу жолдары, вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсізідігі, халықаралық тәжірибелер жайлы айтылды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында енгізілген бұл вакцинациялаудың негізгі мақсаты - қыздарды жатыр мойыны онкологиясынан қорғау.
Облыс аумағында адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы 3000-ға жуық қыз бала, 12-13 жастағы 2500-нан астам қыз бала жоспарлы түрде екпемен қамтылды. Екпеден кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Екпе жұмыстары әрі қарай жалғасуда.