2025 жылдың 5 мамыр күні №5 қалалық емхананың мәжіліс залында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге емханада жұмыс істейтін барлық ер қызметкерлер қатысты. Шара бас дәрігер Динара Амангелдіқызы Сарсенованың құттықтауымен басталды.
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің өкілдері ұйымдастырған концерттік бағдарлама түрлі музыкалық нөмірлерге толы болды. Медициналық ұйымның талантты қызметкерлері өнер көрсетті. Шара қорытындысы бойынша емхана әкімшілігі және кәсіподақ төрағасы Г.С.Аширбаева мерекелік шараның кейіпкерлеріне сыйлықтар мен мақтау қағаздар табыс етілді.
Құрметті ер-азаматтарымыз, әкелеріміз, аталарымыз, ағаларымыз! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқайсыңыз өз Отаныңның, отбасыларыңыздың, ошақтарыңыздың қорғаушыларсыздар. Баршаңызға шын жүректен бастарыңызда ашық және жарық аспан, денсаулық, батылдық тілейміз!