View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Қазіргі кезде АИТВ (ВИЧ) ауруы туралы білмейтін ел жоқ. АИТВ — адамның иммун тапшылығы вирусы. Осыған орай түйіспеден кейінгі алдын алу шаралары, жұмыс барысында мүмкіндігінше жұқтыру қаупін төмендету мақсатында антиретровирустық дәрі-дәрмектерді қабылдаудың қысқа курсымен таныстырып өтсек деймін. АИТВ инфекциясын жұмыс барысында жұқтыру қаупі келесі жағдайда орын алуы мүмкін:
– Терінің бүлiнуi (инемен немесе үшкір медициналық құралмен жарақат алу);
– биологиялық сұйықтарды бүлiнген тері немесе шырышты қабыққа тигізіп алу;
– биологиялық сұйықтар, қан және тіндермен ұзақ уақыт бойы жұмыс істегенде.
Түйіспеден кейінгі алдын алу шаралары дегеніміз не?
Алдын алу шаралары АИТВ-ны жұқтыру қаупін төмендетуге бағытталған. Яғни антиретровирустық (АРТ) дәрі-дәрмектерді қабылдау. Бұл дәрі-дәрмектерді қауіпті қатынастан кейін неғұрлым ерте қабылдаса, соғұрлым АИТВ инфекциясын жұқтыру көрсеткіші әлдеқайда аз болады. Дәрілерді алғашқы 24-36 сағатта ішіп, оны 72 сағаттан кешіктірмеу қажет. Ал, емдеу курсы 4 аптаға созылады. Себебі, 72 сағаттан кейін дәрілердің әсері болмайды. Дәрі-дәрмек тек дәрігердің рұқсатымен босатылады. Дәрі-дәрмектер СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, жедел жәрдем көрсету стансасы, перзентханалар сияқты медициналық ұйымдарда сақталады.
Алдын алу шаралары кімге ұсынылады?
1. Медицина қызметкерлеріне (хирургиялық оталарда, анализ алу, оны талдау және тағы басқа процедура барысында жарақат алса);
2. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметкерлеріне, полиция, түзету мекемелеріне, құтқарушы бригадаға қан және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс барысында төтенше жағдайға тап болғанда;
3. Дискордантты қатынаста тұратын серіктестерге (Дискордантты серіктестердің біреуі АИТВ инфекциясына шалдыққан, біреуі шалдықпаған болуы мүмкін);                                                                                
4. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғаға (егер жыныстық қатынас зорлау барысында жүзеге асса, онда зардап шеккен тұлғаға жоғарыда көрсетілген схема бойынша қатынастан кейінгі алдын алу шараларын пайдалануға болады);
Жұмыс барысында қауіпті түйіспе болғанда, келесі іс-әрекеттерді жасау қажет:
• Қан және басқа биологиялық сұйықтармен түйіспеден кейін дереу бүлінген теріні су астында сабынмен, ал, бүлінген шырышты қабықтарды таза сумен жуу қажет.
• Түйіспе кезінде жұқтыру қаупінің дәрежесіне баға беру (биологиялық сұйықтықтың түрін және оның қарқындылығын бағалау);
• Түйіспеде болатын медицина қызметкері биологиялық сұйықтықтың иесін АИТВ инфекциясына тексерту қажет.
• Егер түйіспеде болған пациент АИТВ инфекциясына шалдыққан болса, аурудың алдын алу шараларын өткізу тиіс.
• Зардап шеккен медицина қызметкерін клиникалық зерттеу мен тестілеуден өткізу алдында одан келісім алу керек.
• Кеңес беруші зардап шеккен медицина қызметкерімен бірге жұмыс орнында жұқтыру қаупін кеміту туралы әңгіме өткізіп, болған жағдайдың реттілігін талдау қажет.