Жыл сайын 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» атап өтіледі.
Дәстүр бойынша бұл күні №42 орта мектепте «Көңілді старттар» атты спорттық ойындар өтіп, оған мектеп оқушылары ғана емес, ұстаздар да қатысады. Жаппай қатысу және ұстаздардың жеке үлгісі осындай іс-шараларды өткізудің маңызды шарты болып табылады.
Балаларды қорғау күнін жалпы басқаруды «Дені сау жастар» қоғамдық қорының төрайымы Б.Б.Сарыбаева, №5 қалалық емхананың мейіргері Ж.К.Клиева өткізді.
Дені сау болу үшін мүмкіндігінше қозғалу керек. «Қозғалыс – өмір» деп бекер айтпаған. Бұл мереке таңғы жаттығулардан басталды. Одан кейін мектеп ауласында оқушылар үшін «Көңілді старттар» өткізілді. «Спорт пен қозғалыс – өмір», «Сау денеде сау ой!» деген қанатты сөздерді есте сақтаңыз.
Балаларды қорғау күні мерекесі көңілді, эмоционалды және қызықты өтті. Барлық қатысушылар сергектік пен денсаулық зарядын алды. Іс-шараның барлық қатысушылары дипломдармен және жеңімпаздар кубоктарымен марапатталды