«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай қызықты спартакиада өтті

2025 жылдың 3 маусымында №53 орта мектеп-гимназиясында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай қызықты спартакиада өтті. Іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларының физикалық дамуын және командалық рухты қолдау болды. Спартакиадаға әр түрлі сыныптар мен жас топтарындағы мектеп оқушылары қатысты.
Балаларды қорғау күнін өткізуге жалпы басшылықты «Дені сау жастар» қоғамдық қорының төрайымы Б.Б.Сарыбаева, №5 қалалық емхананың медбикесі Ж.К.Клиева.
Мереке көңілді, эмоционалды, қызықты өтті. Барлық қатысушылар күш пен денсаулыққа ие болды. Іс-шараның барлық қатысушылары дипломдармен және жеңімпаздар кубоктарымен марапатталды.