«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ««Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 31.12.2020 жылы 2021 жылға тегін медициналық жәрдемнің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балалар мен ересектерге медициналық көмек көрсетуге №А-06-0121-00009-N және №А-06-0121-00001-O келісімшарттарын жасасқандығын хабарлайды.
медициналық жәрдем түрлері бойынша:
- Алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
- Білікті көмек
- Дәрігерге дейінгі көмек
- Ересектерге консультативті-диагностикалық медициналық көмек;
- Балаларға консультативті-диагностикалық медициналық көмек;
- Медициналық реабилитология;
- Диагностика;
- Лабораториялық диагностика;
- Эксперттік медициналық қызмет.
Медициналық жәрдемді жоғары және бірінші санатты мамандар көрсетеді.
Қызмет көрсету мерзімі - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Қызмет көрсету мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі 13 «А».
Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7262) 54-47-15.
«№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-на 14.11.2012 жылы №12023188 мемлекеттік лицензиясы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен берілді.