Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты ( бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетін орны: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, 331 кабинет.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 13 «А».
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Медициналық қызмет.
Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.
2. Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының нотариат растаған көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн: 26 қазан 2021 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, 331 кабинет.
Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімдері аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Конкурсқа қатысушылар қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден өтеді.