View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №5 қалалық емхана "Біз бақытты баламыз" атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі ба-лалар ата-аналарымен шақырылды. 2022 жылды президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялады. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуда. Өскелең ұрпақтың үйлесілеуі, дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуде медицина қызметкерлерінің міндеті: балаларға сапалы медицина-лық қызмет көрсету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен профилактикалық шаралардың арт-тыру. Балаларға арналған мерекелік іс-шара №5 қалалық емхананың филиалында Чернышова 112 Б атап өтілді. Іс-шара барысында балалармен ойын ойнатылып, ән айтылып, би биленді. Балаларға арналған сыйлықтар таратылды.