View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Гепатит — бауырдың қабынуы. Оның: A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі - Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. Сырқаттардың 90 пайызы - өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда бо-лады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі - сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. Сол себепті өзін жайсыз сезінген адам денсаулығы мен ағзасында болып жатқан өзгерістерге мұқият зер салғаны абзал. Вирус организмге түскеннен кейін бауыр жасушала-рын зақымдап, оның қызметі бұзылады. Қабынған бауыр дер кезінде емделмесе жасушылардың орнында ешбір функция атқармайтын пайдасыз тін пайда бо-лады. Кейін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Таралу жолдары А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Бірақ бұл ауруды нашақорлар немесе тәнін саудалайтын түнгі көбелектер ғана жұқтыруы мүмкін деген сөз емес. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен тарал-майды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал. ImperialCollegeLondon және UniversityofWashington ғалымдары вирусты гепатиттің өлім-жітім жағынан малярия, ВИЧ, СПИД пен туберкулезден кем түспейтінін дәлелдеді. Сақтықта қорлық жоқ Жалпы, бұл аурудың тырнағына кез-келген адам ілігуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрмысы бақуатты, дамыған елдерде тұратын азаматтар ағзасы керісінше, вирусты тез қабылдауы мүмкін. Сондықтан "сақтықта қорлық жоғын" естен шығармаған жөн. Ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есте сақтаңыз. Әйелдер маникюр жасағанда өз жиынтығын пайдаланғаны дұрыс немесе құралдарын мұқият зарарсыздандыратын сенімді маман тауып алыңыз. Жалпы, өткір, кесетін құралдармен қызмет көрсететін кез-келген жерде (стома-тологиялық клиника, барбер-шоп, тату салоны) абай болған дұрыс. Бірақ кейде гепатит адами факторға қатысы жоқ беймәлім жағдайларда да таралуы әбден мүмкін. Оған 1988 жылы азық-түлік пен ауыз судың ластануы салдарынан 300 мың адам сарыауру жұқтырған Шанхай оқиғасын мысалға келтіруге болады. Де-генмен сақтықты көпшілік жиналатын орындардан, науқастардан іргені аулақ са-лу деп түсінбеген жөн. Шын мәнінде, В гепатиті бассейн арқылы, сүйіскенде немесе құшақтасқанда, сондай-ақ, ортақ ыдыс-аяқ арқылы жұқпайды. Вакцина аурудың алдын алуға көмектеседі Вакцина мәселесінде жұртшылықтың пікірі екіге жарылғаны белгілі. Екпеге қарсылық білдіріп жүргендер олардың құрамында балаларды аутизм, диабет, склероз, бедеулік сынды ауруларға шалдықтырып, зейін қою қабілетін төмендететін заттар барын алға тартады. Алайда, ДДСҰ (Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) мәліметінше, дәл осы иммундау ша-расы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік бе-реді. Вакцина организмнің қорғаныс жүйесін белгілі бір аурудан немесе инфек-циядан қорғауға жұмылдырады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпе егу шарасын денсаулыққа салынатын тиімді инвестиция деп таны-ды. Қазақстанда жаппай екпе егу нәтижесінде соңғы 25 жылда В гепатитімен ауырғандар балалар саны 1234,5 есе, ересектер арасында аурудың таралу көрсеткіші 311,5 есе азайған. «Бүгінгі таңда гепатиттен қорғанудың ең тиімді жолы - екпе салдыру. Мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың, соның ішінде, гепатиттің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы 25 жылда Қазақстанда В гепатитігне шалдыққандар саны 30 есе азайған.