View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

2022 жылдың 21 желтоқсан күні №5 қалалық емханада отбасын жоспарлау денсаулық мектебінің жауапты акушеркасы А.Т.Касымова «Босанғаннан кейінгі депрессия» тақырыбында емханаға келген болашақ аналар арасында дөңгелек үстөл өткізді. Қатысқан тындаушыларға тақырыпты толығырақ түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді, бейнеролик көрсетілді. Босанғаннан кейін қандай жағдайда депрессияға түседі? Бірінші, генетикалық тұқым қуалаушылық. Егер әйелдің туысқандарының бірінде күйзеліс болса, оның да ұшырауы мүмкін; Екінші, стресс. Жас ана өте ауыр босанған болуы мүмкін. Мысалы, кесір тілігі арқылы босанатын әйелдер немесе босану кезінде жатырдың жыртылып кетуі. Мұның бәрі ауырып, тек жата бергің келеді. Осыған байланысты әйелде физикалық стресс пайда болады; Үшінші, күйеуімен, туысқандарымен болатын түсініспеушіліктер. Босанғаннан кейін әйелдің гормондары оны тез ашуланатын, жылауық қылып жіберуі мүмкін. Көңіл-күйі де құбылмалы болады. Жақындары осыны түсінбегендіктен, араларында ұрыс-керіс болады. Бұл да күйзеліске әкеп соқтырады.