Байқау кеңесінің мүшелері

Байқау кеңесінің төрағасы

Акчалова А
Айгуль Сагимбековна Акчалова 1972 жылы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген. Ата-аналарыда осы жерден, өмір бойы темір жол саласында жұмыс істеді. Ол кеңес, қатаң тәрбиені алған. Бірақ әрдайым өз бетімен шешім қабылдайтын,  ата-анасының қарсылығына қарамастан 8 сыныпты бітіріп, педагогикалық училищеге түсті.
90-шы жылдары, елден ең мықты кадрлардың кетіп жатқан кезі болатын,  №11 мектеп директоры 17 жасында жұмысқа шығуды өтінген кезде, ол келісті. Оқып жүріп бір мезгілде жұмыс істеді.  Оқу  аяқталған кейін екі жұмыс орында қоса жұмыс атқарды. 1995 жылы тұрмысқа шықты. Жұмыс істегенде оған толығымен берілетін адам, сондықтан педагогикалық қызметін отбасы пайдасына қалдырды. Мүмкіндік болған кезде мамандығына сәйкес емес қызметтерді атқарып отырды. 2006 жылы «Түрксиб» ойын-сауық кешенін ашты. Өйткені ол шығармашылық тұлға және оған массалық дайындауға қызықсыз болды.
2008 жылы «Марракеш» элиталық мейрамханасын, екі жылдан кейін «Монтерей» жастарға арналған кешенін ашты. 2017 жылы «Ай-Мар» логистикалық компаниясын ашты. Бизнестің сонша түрін құра отырып, құрылыс бо    йынша білім мен дағдыларды игерді, өйткені объектілерді жобалаумен өзі айналысатын.
Бір күні кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің отырысына келіп, осы ұйымның мақсаттары мен міндеттері оған жақын екенін түсінді. 2016 жылдан бастап ол Іскер әйелдер кеңесінің қарапайым мүшесінен Жамбыл облысындағы «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің төрайымы болды.
Бұл оның уақытының көп бөлігін алады, бірақ бұл жаңа перспективаларды ашып, алға жылжуға мүмкіндік береді.

Байқау кеңесінің мүшелері

Муликова Неили Орынбасаровна, 2002 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін дәрігер гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.
2002 жылдан 2003 жыл аралығында - Тараз қалалық СЭС, тағам гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері;
2003 жылдан 2006 жыл аралығында - Жамбыл облысы әкімияты мемсанэпидқадағалау департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2006 жылдан 2009 жыл аралығында - Жамбыл облысы әкімияты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2009 жылдан 2014 жылға дейін - ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы;
2014 жылдан 2017 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
2017 жылдан 2020 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
2020 жылдың 20 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары.
Кайназарова
Амина Рысбековна Кайназарова, 1978 жылы 23 қыркүйекте Тараз қаласында дүниеге келген. 1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы «Темірбанк» АҚ филиалында несие бөлімінің маманы болып бастаған. 2000 жылдан 2002 жылға дейін несие бөлімінің аға маманы, несие бөлімі бастығының м.а. қызметтерін атқарды. 2002 жылдың 1 қазанынан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ Жамбыл филиалына бөлшек бизнес секторының менеджері ретінде жұмысқа қабылданды, 2004 жылы бөлшек бизнес секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 2006 жылғы наурызда «Қазкоммерцбанк» АҚ Жамбыл филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2009 жылдың қазан айында банктен өз еркімен кетті. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Goodmaker» жарнамалық-өндірістік компаниясының директоры болып табылады. 2012 жылы оған «Executive Education» бағдарламасы бойынша Жоғары бизнес мектебінің түлегі мәртебесі берілді. Қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2014 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығына кірді. 2015 жылдың маусым айында «Асыл Бала» республикалық қауымдастығының Жамбыл облыстық филиалының директоры болып сайланды, 2016 жылдың 30 тамызына дейін қызмет атқарды. 2015 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Жамбыл облысының саясаткер әйелдер клубы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласы бойынша Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы болып табылады. 2016 жылғы наурыздан бастап 6-сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Жамбыл облысының әкімі, Тараз қаласының әкімі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы атынан бірқатар грамоталар мен алғыс хаттарға ие.
Нурсеитов А
Амир Кайратханулы Нурсеитов 1992 жылы 2 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
2007 жылы №24 гимназия мектебінің 9-сыныбын бітіріп, содан кейін Тараз қаласының қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінде менеджмент мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. 2011 жылы Астана қаласындағы Назарбаев университетінің механикалық инженерия факультетіне грантқа түсті.
2012 жылы Малайзиядағы Тэйлорс университетіне (Селангор штаты) ауысып, бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. 2014 жылы бизнес-әкімшілік бакалавры дәрежесін алды.
2013 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың сәуіріне дейін «Әмір және Д» ЖШС-де қаржы директоры және директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласындағы «ДАНУР Трейд» ЖШС-нің директоры және жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы «Parasat Pharma Medical» ЖШС-гі маркетингтік фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы болып табылады. Бұдан басқа, жеке кәсіпкер ретінде «Нурсеитов А.К.» ЖК кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады. Тараз қаласы, 9 мөлтек ауданы, 31 «А» үй мекенжайында орналасқан скверді сенімді басқарушы ретінде өз қаражаты есебінен балалар білім беру орталығын, балалар дәмханасын және дәріханасын салған.
dosmailova

Досмаилова Гаухар Джумабаевна, 1986 жылы 04 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Гродеково ауылында дүниеге келген. 2004 – 2006 жыл аралығында - Жамбыл экономика және статистика колледжінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған. 2007 – 2009 жыл аралығында - Алматы экономика және статистика академиясында білім алып, «Экономист» мамандығын алды. 2010-2012 жыл аралығында - Тараз инновациялық мемлекеттік универтитетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 29.11.2006 – 01.03.2013 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс операторы қызметін атқарды. 01.03.2013 – 03.09.2013 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс инспекторы қызметін атқарды. 03.09.2013 - 05.02.2015 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қаржылау және жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 05.02.2015 - 23.12.2015 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қалалық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 23.12.2015 - 27.08.2017 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 27.08.2017 - 30.05.2018 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 31.05.2018 жылдан - қазіргі уақытқа дейін, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарады.