Қырғызстандық денсаулық сақтау өкілдері Қырғызстандық денсаулық сақтау өкілдері, Ұлттық қауымдастығының басқарма төрайымы Абзалова Роза Абзаловна Тараз қалалық №5 қалалық емханада болды

There is no translation available.

2023 жылдың 13 сәуір күні Қырғызстандық денсаулық сақтау өкілдері, Ұлттық қауымдастығының басқарма төрайымы Абзалова Роза Абзаловна Тараз қалалық №5 қалалық емханада болды. Емхананың бас дәрігері Сарсенова Динара Амангельдиевна Қырғызстандық денсаулық сақтау өкілдеріне орталық жұмысы туралы және тұрғындармен кері байланысқа құрылған арнайы қызмет құрылымы жөнінде айтып, мекеменің халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуіндегі инновацияларды жеткізді. Қырғызстандық делегацияны N5 қалалық емхана базасындағы үздік орталығының жұмысымен таныстырылды. Олар ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және кері байланыс механизмі пилоттық жобасын жүзеге асырудағы алғашқы қадамдар туралы ақпарат берілді, сонымен қатар атқарылып жатқан жобалармен таныстырылды. Озық тәжирбиедегі мейіргерлердің жеке қабылдауының, әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі, әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың, денсаулық мектебінің теориялық және практикалық жұмыстарының негіздерімен таныстырылды.