Бүгін, 2023 жылғы 19 маусымда «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК базасында Қостанай және Ақмола облыстарының денсаулық сақтау өкілдерімен кездесу өтті. Емхананың бас дәрігері Динара Амангельдиевна Сарсенова үздік тәжірибелер орталығының жұмысы, жобалардың тұсаукесері, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және кері байланыс (МИОМОС) тетігінің пилоттық жобасын іске асыру туралы, ондай-ақ отбасылық мейіргерлердің жеке қабылдау жүргізу негіздерін айтып берді.