2023 жылдың 18 қыркүйек күні Тараз қаласындағы №5 қалалық емханада Қоғамдық Кеңес депутаттарымен кездесу өтті. Бас дәрігер Д.А.Сарсенова Қоғамдық Кеңес депутаттарына озық тәжірибе орталығының жұмысы мен тұрғындардың кері байланысы негізінде арнайы қызмет құрылымы туралы айтып берді, сонымен қатар халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі жаңашылдықтармен таныстырды