Хабарландыру! Құрметті егде жастағы кісілер 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Тараз қаласы №5 қалалық емханада «Бірге шай ішейік» тақырыбында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіз: 111, 110 кабинетте сағат 09.00-12.00 скринингтен өтіп, қан қысымын, көзішілік қысымды, қантты, қандағы холестеринді, бойды, салмақты, Кетле массасының индексін өлшей аласыз. Денсаулық мектебі 125 кабинетте сағат 09.00-12.00: 1) «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы» денсаулық мектебі 2) «Қант диабеті» денсаулық мектебі 3) «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» денсаулық мектебі 4) «Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебі 5) «Инсульттің алдын алу» денсаулық мектебі 6) «Мінез-құлық қауіп факторлары» денсаулық мектебі 125 кабинетте жалпы қан анализін (ОАК, жалпы зәр анализін (ОАМ) өте аласыз. 09.00-12.00 101 кабинетте психолог маманының консультациясын ала аласыз, 128 әлеуметтік қызметкер маманынан кеңес ала аласыз. Бізбен бірге белсенді және сау болыңыз!!!