Облыс тұрғындарына қызылшаға қарсы екпе алуға үндеу
Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда қызылшаға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалды.
2023 жылы елімізде 12 мыңнан астам, оның ішінде Жамбыл облысында 1600 ден астам қызылша ауруы тіркелді. 80% дан астам жағдайда вакцинацияланбаған жас балалар зардап шекті
Қызылша - пневмония, миға асқынуларға, немесе науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Кез келген адам қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болса, ауруды жұқтыруы мүмкін, әсіресе екпесі жоқ балалар .
Қызылшаны емдеуге арналған арнайы дәрі препараты жоқ, емдеу тек симптоматикалық болып табылады. Сондықтан, қызылшамен күресудің ең тиімді шара - ол вакцинация болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактиқалық егу күнтізбесіне сәйкес, балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы егу 1 жаста және 6 жаста жүргізіледі.
Елдегі қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін, 2023 жылғы 6 қарашадан бастап, балаларды қосымша иммундау жүмысы басталды. Ол 2024 жылдың қантарына дейін жалғасады.
6 айдан 11 айға дейінгі, 2-3-4 жас аралығындағы балалар, вакцинация статусына қарамастан және егілмеген медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы 1 екпесін алады. Вакцинация Үндістанда өндірілген ККП вакцинасымен ( қызылша-қызамық-паротит) жүргізіледі
Жамбыл облысы бойынша барлығы қосымша жаппай иммундау кезеңінде 94285 адамды, оның ішінде 6 айдан 11 айға дейін 12446 баланы, 2-4 жас аралығындағы 79775 баланы , 2064 медицина қызметкерін егу жоспарлануда
Биылдың өзінде, облыста 38 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алды, ал 1587 бала қосымша егілді, жағымсыз реакциялар байқалмады
Егер сізде, профилактикалық екпелердің қажеттілігіне әлі де күмәніңіз болса, бас тартуға қол қоюға асықпаңыз.Алдымен дәрігермен кеңесіп, жұқпалы аурудың қауіптілігі және одан бас тартудың салдары туралы толық ақпаратты жинаңыз.
Жамбыл облысының медицина қызметкерлері балаңызға екпе салып, отбасыңызды қызылша сияқты қауіпті дерттен қорғауыңызды күтеді.
Сіз, ата ана ретінде балаңыздың денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаңыз !
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/1396-oblys-t-r-yndaryna-yzylsha-a-arsy-ekpe-alu-a-ndeu?template=SSMP#sigProId8008a8388a