2023 жылғы 30 қарашада заңгер А.Тортаева сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және денсаулық жүйесінде оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру мақсатында емхана қызметкерлерімен семинар өткізді. Сонымен қатар, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай байқау өткізілетіндігін хабарлап, байқау шарттарын түсіндірді.