Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаты халыққа уақтылы, тиімді және қолжетімді медициналық көмек болып табылады және бұл мәселені шешуде МСАК айқындаушы рөл атқарады. «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ МКК №5 қалалық емханасы» 2021-2025 жылдарға арналған Жамбыл облысы халқының кең тобына барынша ұтқырлық және қолжетімділік жағына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі Жол картасын орындау барысында МСАК үздік тәжірибелер орталығын (ҮТО) құру үшін таңдалды.
Емханада бекітілген халық саны -67784
Стратегиялық бағыттар:
- ТМККК және МӘМС шеңберінде халыққа сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету
- Бекітілген халық арасында профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру
- Жалпы дәрігерлік практиканы дамыту, халық арасында профилактикалық қызметті ұйымдастырудағы медбикелердің рөлін күшейту
- Әлеуметтік және психологиялық қызметтерді дамыту
- Кадрлармен қамтамасыз етуді жақсарту мен дәрігерлік және мейірбикелік персоналдың біліктілік деңгейін арттыру
- Салауатты өмір салтын және халықты гигиеналық оқытуды насихаттау
- Профилактиканың, диагностиканың және емдеудің инновациялық технологиялары мен заманауи әдістерін енгізу.
30.10.2023жылы емхана бас дәрігерінің №464-Ө бұйрығымен «Ақылмандар кеңесі» құрылып,ереже мен 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспары әзірленді. 2023 жылдың 18 қазанында бас дәрігердің №451-Ө бұйрығымен жобалық кеңсе құрылды. Қазіргі уақытта емхана бірнеше жаңа жобалармен жұмыс істеп жатыр.
2023 жылы емханаға пациенттердің қатынауын талдаудан біз профтексеру бойынша қаралғандардың көбеюін, яғни сырқаттанушылықтың алдын алу бойынша жұмыстардың жақсарғанын байқадық, демек денсаулық мектептерінің, скринингтік, дәрігерге дейінгі кабинеттердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің және әмбебап прогрессивті модель бойынша, ауруды басқару бағдарламаға сәйкес және жастар орталығының мамандарының, сондай-ақ МСАК деңгейінде жұмыстың кең көлемде атқарылып жатқаны байқалады.