2024 жылдың 1 наурызында №5 қалалық емханада «Алғыс айту күніне» арналған ашық есік күні өтті. Бұл күні алғыс тақтасы ұйымдастырылып, науқастар ауызша және жазбаша оң пікірлерін қалдырып, науқастарға шарлар мен тәттілер таратылды.
Сіздің кәсібиліктеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін көп рахмет. Осы қиын мамандықты таңдауға шешім қабылдап, өздеріңізді маңызды іске арнағандарыңызға рахмет. Сіздер адамдарға көмектеспейсіз, сіздер бұл әлемді құтқарасыз. Ал біз сіздерге шын жүректен зор денсаулық, шыдамдылық, табандылық, жігер мен сенімділік тілейміз. Пациенттердің бірнеше ұрпағына көмектесетін керемет адам және керемет дәрігер болып қала беріңіздер.