2024 жылғы 18 наурызда «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Оспанованың төрағалығымен Меркі, Талас, Жамбыл, Қордай аудандары мен №5 және №2 қалалық емханалардың «Үздік тәжірибелер орталығы» жобалары талқыланды.
ҮТО үйлестірушілері жобалар бойынша қорытынды жасады:
1) «Қоғамдық мониторинг пен кері байланысты ақпараттандыру тетігі» (МИОМОС)
2) «Балалар мен жасөспірімдерде семіздіктің алдын алу»
3) «Ер адамдардың ұзақ өмір сүруі»
4) «Алтын жас»
5) «Онкологиялық ауруларды ерте анықтау»
Сондай-ақ, әлі де жұмыс істеу керек жобалар ұсынылды.