Мерейтойды 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы белгіледі.

There is no translation available.

 

 

Бұл күнді мерекелеу әртүрлі елдерде қоғамның назарын отбасыға аудару қажеттілігімен байланысты.


Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:

  • қоғамдағы отбасының маңыздылығын атап көрсету;
  • барлық отбасылардың бірегей екенін еске салу;
  • біздің заманымызға сай отбасылық мәселелер туралы байыпты әңгіме бастау.


Отбасы – махаббат, сыйластық және ынтымақтастық орталығы, яғни кез келген зиялы қоғамның негізі.

Отбасының негізгі қызметі – балаларға өмір сыйлау, оларға бақытты балалық шақ, лайықты білім беру және одан әрі тәуелсіз өмір сүру үшін берік негіз жасау, сондай-ақ олардың күрделі адами қарым-қатынас әлемінде аман қалуына көмектесу. Сондықтан отбасының берік және тату болуы өте маңызды. Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Әрбір қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақты тәрбиелеу. «Отан – қуат, отбасы – жылу» деп білген халқымыз татулық пен отбасы құндылықтарын бірінші орынға қояды.

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында №5 қалалық емханада келесі жоспарлы іс-шаралар өткізілді:

  • Жүктілікті жоспарлау мақсатында мотивациялық кеңес беру принциптерін ескере отырып, денсаулықты сақтау дағдыларын, тамақтану мәдениетін, дене шынықтыру белсенділігін тәрбиелеу бойынша ерлі-зайыптыларға, болашақ аналарға профилактикалық кеңес беретін Ашық есік күні өткізілді.
  • Емхананың радио кабинетінде, сау бала бөлмесінде, отбасын жоспарлау бөлмесінде тұрғындарға арналған «Салауатты тамақтану және дене шынықтыру белсенділігі – салауатты өмір салтының негізі», «Дұрыс тамақтану», «Зиянды әдеттер және олардың адам репродуктивтілігіне әсері» тақырыптарында дөңгелек үстөл, семинарлар, әңгімелер, дәрістер өткізілді.