Бұл күнді мерекелеу әртүрлі елдерде қоғамның назарын отбасыға аудару қажеттілігімен байланысты.
Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілді.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
- қоғамдағы отбасының маңыздылығын атап көрсету;
- барлық отбасылардың бірегей екенін еске салу;
- біздің заманымызға сай отбасылық мәселелер туралы байыпты әңгіме бастау.
Отбасы – махаббат, сыйластық және ынтымақтастық орталығы, яғни кез келген зиялы қоғамның негізі.
Отбасының негізгі қызметі – балаларға өмір сыйлау, оларға бақытты балалық шақ, лайықты білім беру және одан әрі тәуелсіз өмір сүру үшін берік негіз жасау, сондай-ақ олардың күрделі адами қарым-қатынас әлемінде аман қалуына көмектесу. Сондықтан отбасының берік және тату болуы өте маңызды. Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Әрбір қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақты тәрбиелеу. «Отан – қуат, отбасы – жылу» деп білген халқымыз татулық пен отбасы құндылықтарын бірінші орынға қояды.
15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында №5 қалалық емханада келесі жоспарлы іс-шаралар өткізілді:
- Жүктілікті жоспарлау мақсатында мотивациялық кеңес беру принциптерін ескере отырып, денсаулықты сақтау дағдыларын, тамақтану мәдениетін, дене шынықтыру белсенділігін тәрбиелеу бойынша ерлі-зайыптыларға, болашақ аналарға профилактикалық кеңес беретін Ашық есік күні өткізілді.
- Емхананың радио кабинетінде, сау бала бөлмесінде, отбасын жоспарлау бөлмесінде тұрғындарға арналған «Салауатты тамақтану және дене шынықтыру белсенділігі – салауатты өмір салтының негізі», «Дұрыс тамақтану», «Зиянды әдеттер және олардың адам репродуктивтілігіне әсері» тақырыптарында дөңгелек үстөл, семинарлар, әңгімелер, дәрістер өткізілді.
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/1647-merejtojdy-1993-zhyly-b-bas-assambleyasy-belgiledi?template=accessibility#sigProIdd27c0cfc73