2024 жылдың 10 мамыр күні №5 қалалық емхананың мәжіліс залында Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

There is no translation available.

2024 жылдың 10 мамыр күні №5 қалалық емхананың мәжіліс залында Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының атынан заңгері Жүсіпалиев Серік Берікұлы мейіргерлерге құттықтауларымен жылы лебіздерің айтты

Мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен жеке құттықтаулары мен ізгі тілектерін №5 қалалық емхананың бас дәрігері Сарсенова Д.А., орынбасарлары Маханова П.К., Төлепбергенова Г.А., Мурзақасымова Н.Ж., Москаленко Е.А. білдірді

Көп жылғы адал еңбегі және мейірбике ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары Елена Анатольевна Москаленко «SENIM» үздігі төсбелгісімен, ал «Шарапат» төсбелгісімен салауатты өмір салты бөлмесінің мейірбикесі Ж.К.Клиева марапатталды.
Бірқатар меірбикелер жоғары кәсіби шеберлігі, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтыны, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және емхананың дамуына қосқан жеке үлесі үшін бас дәрігердің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының үш мейірбикесі 20 000 теңге көлемінде сыйлық сертификатымен табыс етілді