17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні атап өтіледі.

There is no translation available.

17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні атап өтіледі.

Жоғары қан қысымы (артериялық гипертензия) миокард инфарктісі мен ишемиялық инсульттің дамуының ең қауіпті факторы болып табылады. Әлемде 1,5 миллиардтан астам адам осы аурудан зардап шегеді. ДДҰ деректері бойынша жыл сайын 17,5 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады. Статистикаға сүйенсек, науқастардың шамамен 45% -ы қан қысымы жоғары екенін білмейді.

Дүниежүзілік гипертониямен күрес күніне арналған іс-шараларды өткізудің мақсаты – халықтың хабардарлығын арттыру артериялық гипертензияның ауыр асқынулары туралы, осы аурудың дамуын болдырмау жолдары туралы ақпаратты тарату.

2024 жылдың 17 мамырында Дүниежүзілік артериялық гипертензияға қарсы күрес күні аясында №5 қалалық емханада стендтер қойылды, науқастарға, студенттерге және қызметкерлерге ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді: қан қысымын өлшеу, өзін-өзі емдеу әдістеріне үйрету, қан қысымын бақылау, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер таратылып, ерте диагностика, артериялық гипертензияның алдын алу әдістері, сонымен қатар медициналық тексерулер, профилактикалық тексерулер туралы әңгімелер жүргізілді.