Нашақорлық

There is no translation available.

Нашақорлық-бұл есірткіге деген ауырсынумен сипатталатын жағдай. Бүгінгі таңда мұндай құралдарға 200-ден астам атау кіреді, олардың ішінде апиын, гашиш, кокаин, дезоморфин. Нашақорлыққа тәуелділік психикалық бұзылумен, ал кейбір науқастарда соматикалық көріністермен бірге жүреді.


Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.


Нашақорлық - наркомания ( грек тілінен narke - мелшию және mania - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады.


Есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатындар көп. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан зор. Білместікпен, әрі «дәмін көрейін» деген әуестікпен жаңа дүниені тұтынғандардың тәуелділікке бірте-бірте таңылуы оп-оңай. Алайда, олар бұл қызығушылықтың салдарын ойлай бермейді. Шындығында есірткіні үнемі, тұрақты түрде қолдану көп қаржыны қажет етеді. Қолында қаражаты жоқтардың алдымен өз отбасындағы жарамды, құнды заттарды саудалап, кейіннен қылмысқа баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады.


Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сатып, тасымалдаушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз. Есірткі заттарын тасымалдап, жеткізіп берген жастар «ешкімге зиянымыз жоқ, нашақорлар бәрібір өзіне керегін тауып алады, ендеше неге жазалануымыз керек» деп қате ойлайды. Жалпы, заңды білмеу жазадан құтқармайды.
Салауатты өмір салтын насихаттайтын адамдар, көбінесе спортшылар, жас ұрпақты спортпен және салауатты өмір салтымен таныстыруға тырысады. Сонымен қатар, олар есірткіге қарсы қорларға көп қаражат бөледі.