МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

There is no translation available.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймыз!

 

Сіздердің мамандықтарыңыз қоғамдағы ең маңызды, құрметті мамандықтардың бірі болған және болып қала береді. Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ, сондықтан өз өмірін адам денсаулығын қорғаумен байланыстырған әрбір адамның еңбегі баға жетпес. Өйткені, бұл жұмыс күн сайын орасан зор ынта-жігерді, мақсатқа жетудегі табандылықты, энергияны, оптимизмді, сезімталдық пен зейінді талап етеді.

 

Сіздер адамдардың денсаулығын сақтауға және олардың өмірін ұзартуға көмектесесіздер. Ең қиын сәттерде ең жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті, жанашырлық пен мейірімділік таныта отырып, көмекке келесіздер.

Күнделікті ауыр, тынымсыз еңбектеріңіз бен таңдаған мамандықтарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың алғыс.

 

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, табыс, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!

 

Құрметпен, №5 қалалық емхана әкімшілігі

 

WhatsApp Image 2024 06 14 at 07.59.20 WhatsApp Image 2024-06-14 at 09.59.28.jpeg