УПМП модуль №5 әкені баланың өміріне қатыстыру:

There is no translation available.

Отец играет.jpgФото отец и ребенок.jpgфото отца.jpg

Модуль мақсаты : Әкелер баланың дамуында, баланың анасының және отбасының аман-саулығында маңызды рөл атқаратынын түсіну • Әкелер не істей алатынына және не істей алмайтынына қатысты өзіңіздің нанымсенімдеріңізді ұғыну • Әкелерді бала күтіміне көбірек қатыстыру жолдарын, әсіресе, үйге барып қарау кезінде анықтау.

 

         Әкелер бүкіл әлемде маңызды! “Әкелердің маңызы зор. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, жағымды, жағымсыз немесе мүлдем жоқ болса да, бала өмірінің кез-келген кезеңінде және барлық мәдени және этникалық топтарда балаларға терең және елеулі әсер етіп, бүкіл өмір бойына жалғасады. Әкелер, сондай-ақ, аналарға да айталықтай әсер етеді. Бес ер адамның төртеуі әке атанады, әрі олардың барлығы дерлік балаларымен қандай да бір байланыста болады”. Әлемдегі әкелердің жағдайы, Әкелерге бәрібір емес.

 

       Әке болу әкелердің өзіне де оң әсер етеді Балаларымен байланысы тығыз екенін мәлімдейтін әкелер: – ұзағырақ өмір сүреді – физикалық және психикалық денсаулығына қатысты қиындықтары азырақ болады – ішімдікке салыну және есірткі қолдану ықтималдығы азырақ болады – жұмыста жемістірек болады – балаларымен тығыз байланысы жоқ әкелерге қарағанда өздерін бақыттырақ сезінеді. Әкелер балаларына неғұрлып көбірек қамқорлық көрсеткен сайын, соғұрлым көңілі тоқ және мейірімді бола түседі. Әкелер сәбилері туылғаннан кейін оларды қолына алып, көтеруді неғұрлым ерте бастаса, бойларында жылылық, махаббат және қанағат сезімдерінің пайда болғанын соғұрлым ертерек байқайды.

 

    Әкелердің аналарға және аналыққа тигізетін әсері Ананың ана болуға бейімделуі әкенің әке болуға бейімделуімен тығыз байланысты Егер әке баланың анасына қолдау көрсетуге дайын болса, онда ананың: – Босануы жеңіл болады – Баланы емізуге дайындығы артады – Стресс пен депрессия деңгейі төмендейді – Қадір-қасиетін сезінуі артады – Балаға бауыр басуы күшейеді

Әкелердің балаларға тигізетін әсері Қамқор әкелердің балалары – әлдеқайда елгезек болады – жақсырақ бейімделгіш болады – басқа балалармен жақсы қарым-қатынас орнатады – мінез-құлқына қатысты қиындықтар азырақ туындайды – оқуда жақсы нәтижелер көрсетеді – кейінірек полиция назарына ілігу немесе есірткі/ішімдік қолдану ықтималдығы азырақ болады Мұндай әсер, әсіресе, тұрмысы нашар отбасыларда айқын көрінеді. Жақсы әке балаларын өмірдің ауыртпалығынан және анасының депрессиясынан арашалай алады

 

Патронаж мейірбикесінің әкелерге қолдау көрсетудегі рөлі • Ақпаратты әкелерге де, аналарға да мүмкіндік болса, бетпе-бет кездесу немесе өзге жолдармен тікелей байланысқа шығу арқылы беру маңызды. • Әкелермен тиімді жұмыс жасау үшін ер адам болу міндетті емес. Әкелердің көпшілігі әйелдермен – медицина саласындағы мамандармен қуана жұмыс жасайды, ал кейбірі тіпті соны қалайды. • Одан да маңыздысы – кәсіби қасиеттеріңіз : • сенімділік, • мықты қасиеттерді пайдалануға негізделген әдістеме, • белсенді тыңдай білу, • әкелердің армандары мен талпыныстарын түсіне білу, • қолдан келгенше қолдау көрсету • жұмыс бағыттарын тиімді анықтау. • Осылар - патронаж қызметкерлеріне аналармен жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік беретін дағдылар және әдістемелер. • Тең қолдау және тәжірибе кезінде ерлер мен әйелдер бала күтімі дағдыларын бірдей жылдамдықпен игеретіндіктен және бала күтімі ерлерде ұзақмерзімді келешекте қамқорлық және бауыр басу сезімдерін қалыптастыруға септесетін гормоналдық және ми өзгерістерін тудыратындықтан, осы білім сізге ерекше жауапкершілік артады.