Бас дәрігер Динара Амангелдіқызы Сарсенованың және кәсіподақ ұйымы Әшірбаева Гүлмира Сауранбекқызының бастамасымен медицина қызметкерлері, оның ішінде 1-отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі, мамандандырылған мамандар бөлімі, диагностика бөлімшелері емханада жұмыс істеген ардагерлерінің үйлеріне барып, қариялардың хал-жағдайын сұрап қайтты. Атаулы күні қазыналы қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Кездесу барысында қарттар денсаулық сақтау саласында өздерін мазалаған сұрақтарға жауап тапты.
Сонымен қатар, емханада қызмет жасап жүрген зейнеткерлер де елеусіз қалмады. Осы айтулы күні емхана кәсіподақ атынан құрметті қызметкерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/1915-2024-zhyldy-1-azanynda-taraz-alasyny-5-alaly-emkhana-arttardy-merekelerimen-tty-tady?template=SSMP#sigProIdc21b7f8363