2024 жылдың 1 қазан күні АЭС салуды қолдау бойынша облыстық халықтық штаб мүшесі, Кенжебек Олжабай – қалалық мәслихаттың төрағасы, Орынбеков Бекболат Серікбекұлы Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Арубаев Сәкен Қаланұлы Жамбыл облысынан сайланған Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Тараз қаласы №5 қалалық емханада кездесу өткізді
Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының басым бағыттары айтылды. Ақжолдық депутат соның ішінде төртінші бағытқа кеңірек тоқталды.
«Мемлекет басшысының: «Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», деген сөзі ел өміріндегі маңызды қадамдар қоғам талқылауынан өтіп барып, шешім қабылданатынын көрсетеді. Ал халық таңдау жасарда әр мәселеге объективті қарауы керек», - деді Кенжебек Мамашбайұлы.
Жиынды емхана бас дәрігері Сарсенова Динара Амангельдиевна ашып жүргізіп отырды. Кездесуде штаб мүшелері республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізді.
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/1922-2024-zhyldy-1-azan-k-ni-aes-saludy-oldau-bojynsha-kezdesu-tti?template=accessibility#sigProId7008d9ae4e