1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

There is no translation available.

Біздің еліміз үшін бұл Қазақстан тарихындағы ең маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Республика күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылдың 24 қазан күні Тараз қаласындағы «№5 қалалық емханада»  салтанатты іс-шаралар өтті. Мерекелік шараны бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Перизат Құттыбайқызы Маханова мен бас дәрігердің балалық шақ және акушерлік ісі жөніндегі орынбасары Төлепбергенова Ғалима Алдабергенқызы құттықтау сөзімен ашты.

 Мерекелік шара аясында медицина саласындағы адал еңбегі үшін қызметкерлерге емхана әкімшілігі мен кәсіподақ атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Емхананың барлық қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Қазақстан халқына зор денсаулық, ынтымақ пен береке, бейбітшілік пен келісім тілейміз!