№5 қалалық емханада 8 НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Шара басында емхананың бас дәрігері Д.А.Сарсенова, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары П.К.Маханова, бас дәрігердің балалық шақ және акушерлік ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Төлепбергенова, бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Н.Ж.Мурзакасымова, бас дәрігердің шаруашылық және әкімшілік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары П.Т.Саршаева, бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Москаленко, әкімшілік басқару көмекші персонал бөлімінің персоналды басқару қызметінің басшысы З.Т.Сапарбекова ақжүрек өкілдеріне, ананың адамзат өміріндегі рөлін атап өтіп құттықтауларын білдірді.
«Ең алдымен өміріміз бірге басталатын аналарымызды құттықтаймыз, – деді Динара Амангелдіқызы. – Адамның ең бірінші сөзі – «АНА», ол онымен өмір сүреді. Әрбір қиындықта біз аналарымызды еске аламыз, олардың жылуы мен махаббаты өмір жолындағы кедергілерді жеңуге көмектеседі».
Емхана ұжымына мерекелік концерт ұйымдастырылды. №5 қалалық емхана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Әшірбаева Г.С атынан мерекеге шақырылған қыз-келіншектерге салтанатты түрде алғыстар мен сыйлықтар табыс етілді. Емханада жұмыс істейтін ардагерлерде назардан тыс қалмады, оларға сыйлықтар мен алғыс сөздері берілді. Мерекелік көңіл-күйді шақырылған жұлдыздар қолдады: аналар туралы, гүлдер туралы әндер, заманауи әндер орындалып, көрермендер көңілді би биледі. Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке сәтті өтті және ұжым ұзақ уақыт бойы позитивті энергияға толы болды. Шындығында, бақытты болу үшін көп нәрсе қажет емес, барлығы аналарға, әпкелерге, қыздарға және әжелерге мұқият қараудан басталуы керек. Өйткені, олардың көңіл күйі тұтас бір халықтың тәрбиесінде көрінеді.
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/2195-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-nin-merekeleuge-arnal-an-saltanatty-shara-tti#sigProIdf34a7a6e29