«Дүниежүзілік Денсаулық күні»

There is no translation available.

Жыл сайын 7 сәуірде әлемде «Дүниежүзілік Денсаулық күні» атап өтіледі.

Дәстүр бойынша бұл күні №32 орта мектепте «Көңілді старттар» атты спартакиада өтіп, оған мектеп оқушылары ғана емес, ұстаздар да қатысады. Жаппай қатысу және ұстаздардың жеке үлгісі осындай іс-шараларды өткізудің маңызды шарты болып табылады.

Денсаулық күнін жалпы басқаруды «Дені сау жастар» қоғамдық қорының төрайымы Б.Б.Сарыбаева, №5 қалалық емхананың медбикесі Ж.К.Клиева өткізді.

Дені сау болу үшін мүмкіндігінше қозғалу керек. «Қозғалыс – өмір» деп бекер айтпаған. Бұл мереке таңғы жаттығулардан басталды. Одан кейін спорт залдарында оқушылар үшін «Көңілді старттар» өткізілді. «Спорт пен қозғалыс – өмір», «Сау денеде сау ой!» деген қанатты сөздерді есте сақтаңыз.

Спорт мерекесі көңілді, эмоционалды және қызықты өтті. Барлық қатысушылар жігер мен денсаулық зарядын алды, Барлық қатысушылар жеңімпаздар дипломдарымен марапатталды