Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша оқыту семинары

Бүгін, 2025 жылғы 14 сәуір күні "№5 Қалалық емхана " ШЖҚ МКК базасында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен және тікелей ұйымдастыруымен емхана қызметкерлеріне арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша оқыту семинары өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – медициналық ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет көрсету барысында жиі туындайтын сұрақтар бойынша әдістемелік көмек көрсету және сала мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.А.Құрбанов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ж.Ә.Айтжан, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Жамбыл облыстық филиалының Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Қ.Т.Нұрқадыров пен бас маман З.А.Жапарова қатысып, өз саласы бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіндегі өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.