Оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

There is no translation available.

2025 жылдың 22 сәуір күні №42 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында салауатты өмір салтын насихаттау бөлмесінің мейіргері Ж.К.Клиева АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалы, алдын алу шаралары, әрбір адам инфекциядан өзін сақтау қажет екендігін түсіндіре келе «Оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық дағдысын қалыптастыру», «АИТВ/ЖИТС-тің қоғамға, отбасына кері әсері» тақырыптарында семинар-тренинг жасады.

Іс-шара барысында қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық парақшалар таратылды.

Қорытынды: Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою болып табылады.