2025 жылдың 25 сәуір күні MART сауда ойын-сауық орталығында Тараз қалалық денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілігі «ДЕНСАУЛЫҚ АРАЛАРЫ» ұранымен «Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырып, өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – денсаулықты сақтау мен жақсартудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру болды. Іс-шара барысында келесі іс-шаралар өткізілді: 1) Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандарының науқастарды қабылдауы және тексеруі 2) Скринингтік тексеру, онда қан қысымы, көз қысымы, қант деңгейі, холестерин, бой, салмақ өлшеніп, Кетле массасының индексі есептелді; 3) Салауатты өмір салты бойынша мейірбике кеңес берді 4) Психолог мамандарынан кеңес алды 5) Әлеуметтік қызметкерлер мамандарынан кеңес алды Сонымен қатар, MART сауда орталығының фойесінде денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру бойынша пікірталас өткізіліп, оған ниет білдіргендердің барлығы қатысты. Емхана қызметкерлері тұрғындарды қызықтырған барлық сұрақтарына ықыласпен жауап берді. Сондай-ақ халық арасында сауалнама жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді. Денсаулық мектептерінің кестелері мен салауатты өмір салты аспектілері бойынша брошюралар таратылды.