Мейіргер күні

12 мамырда аталып өтетін Халықаралық мейіргерлер күніне орай Жамбыл облысында «Облыстың үздік мейіргер маманы – 2025» кәсіби байқауы өтті.

Шара облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының облыстық филиалы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі және «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқауға «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК атынан профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мейіргері

Шанашкулова Ақмарал Маратқызы қатысты.

Байқаудың мақсаты – емхананың орта медициналық білімі бар мамандарының беделі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру, емделушілерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, мейіргерлердің кәсіби шеберлігін сынау. Қазылар алқасының алдында күрделі тапсырма тұрды – ақылды, батыл, дана, тиімді мейіргерлердің қайсысы үздік екенін анықтау!

Сайыс төрт кезеңнен тұрды.

Әр кезең он балдық жүйемен бағаланды.

l  Бірінші кезеңде қатысушылар презентация жасап, үй тапсырмасын орындады.

l  Екінші кезең «Мейіргер ісіндегі интеграцияланған тәсіл: алғашқы медициналық-санитарлық көмектен клиникалық жағдайларға дейін» тақырыбында блиц-турнир форматында өтті.

l  Үшінші кезеңде теориялық білімдері бағаланды.

l  Шешуші төртінші кезеңде қатысушылар клиникалық станцияларда симуляциялық жабдықты пайдалана отырып, практикалық дағдыларын көрсетті.

Қатысушылар халыққа білім беру үшін қолданылатын танымдық бейнероликтерді ұсынды, осылайша өздерінің коммуникативті дағдылары мен пациентке бағытталған көзқарастарын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Облыстың үздік мейіргері – 2025» кәсіби байқауына қатысқан №5 қалалық емхананың мейіргері Шанашкулова Ақмарал Маратқызы ІІ орынды иеленіп, ДИПЛОМ және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің облыстық симуляциялық орталығына жолдамамен марапатталды.

Байқау мейіргерлердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін, нормативтік құжаттарды жақсы меңгергендігін көрсетті, ал байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін белсенді түрде көрсетті.