Емханада киберқауіпсіздік бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Бүгін, 2025 жылғы 10 қазан күні, емхана қызметкерлерімен киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында қызметкерлерге жеке және медициналық деректерді қорғаудың негізгі талаптары, ақпараттық жүйелерде қауіпсіз жұмыс істеу ережелері және ақпараттық қауіпсіздік бойынша ішкі регламенттерді сақтау міндеттері еске салынды.