Ұлдар мен қыздар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау

№5 қалалық емхананың мамандары емханаға бекітілген оқу орындарында дәрігер акушер-гинеколог А. Б. Рустенбекова, жастар денсаулық орталығының психологы А. Т. Жарқынбекова профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шараның тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау», Вакцинацияның маңыздылығы», «АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу», «Салауатты өмір салты».

Іс-шаралардың мақсаты: урологиялық аурулардың алдын алу, жасөспірім жастардың репродуктивті жүйе, тұрақты тексерулер және өмірдің барлық кезеңдерінде өзін-өзі күтудің маңыздылығы туралы хабардар болуын арттыру.

Дәрістер мен интерактивті сессиялар: жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы, жасөспірімдердің гигиенасы, норма, жылулық және өзін-өзі құрметтеу.