«Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне» орайластырылған ашық есік күні өтті

2025 жылдың 14 қараша күні №5 қалалық емханада «Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне» орайластырылған ашық есік күні өтті. СӨС мейіргері және профилактика бөлімінің мамандары әрбір тілек білдірген науқасқа қан қысымын өлшеп, құрылғылар арқылы қандағы глюкоза мен холестерин деңгейлері өлшенді. Қант диабетінің, қан қысымының алғашқы белгілерінің алдын алу бойынша, диспансерлеуден және профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өту қажеттілігі, салауатты өмір салты принциптерін сақтау бойынша кеңес берді. Қант диабеті пайда болу қаупін азайту мақсатында белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, зиянды тамақ өнімдерін, алкоголь мен темекіні пайдаланудан бас тартуға, сондай-ақ қант диабетінің алғашқы белгілерін және олар туындаған жағдайда әрекет ету тәртібін білуге үйретті. СӨС мектебінің және профилактика бөлімінің мамандары акцияға қатысушыларды салауатты өмір салтына шақыра отырып, ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.